Бүгін таңертең Н.Бижанов "ВАСС-көмір" әскерилендірілген апаттан құтқару қызметінде, сондай-ақ, "Испат-Кармет" ААҚ көмір департаментінің Костенко атындағы шахтасында болды. Бұл шахтада осыдан екі апта бұрын көмір қабаты тұтану салдарынан жер асты өрті шыққан болатын.
Сондай-ақ, агенттік төрағасы азаматтық қорғаныс полкіне қарасты 52-859 әскери бөлімшесінің жағдайымен танысады. Сондай-ақ, ол "Испат-Кармет" ААҚ мен Теміртауда болады.