Сапар мақсаты - ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы құрылымдық бөлімшелерінің жұмысымен танысу болып табылады.
М.Көпей облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасында, төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік инспекцияда, ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің салалық кәсіпорны - "Химия, мұнай химиясы және мұнайгаз өңдеу өнеркәсіптеріндегі қауіпсіздік проблемалары жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығында", сондай-ақ, облыстық өртке қарсы күрес қызметі басқармасында болады.