Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жұмыс сапары аясында ҚР ТЖМ территориалдық бөлімшелердің жеке құрамының басшыларымен алқа жиналысы өткізіледі. Министр сондай-ақ құрылымдық бөлімшелерді, құтқару және өртке қарсы техникасын қарап шығады.
Сонымен қатар, В. Божко "МАЭК-Қазатомпром"ЖШС мен "Ақтау халықаралық сауда теңіз порты" РМК барады. Теңіз апатты-құтқару отрядтары үшін бөлінген аймақты көріп шығады. Ал Жаңаөзенде "Ақ Берен" РМК жұмысымен танысып қайтады.