ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі ғимараттардың жер сілкінісіне тұрақтылық картасын жасамақшы

Карталар үш айда жасалып бітуі тиіс. "Біз тәуекелдер мен болуы мүмкін қауіп-қатерлерді алдын-ала бағалап алмақшымыз",- деді министр. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметі бойынша, еліміздегі ғимараттардың 30-80 проценті жер сілкінісіне тұрақтылық талабына сай келмейді.

Министрдің хабарлауынша, елімізде қазіргі жағдаймен сел жүру, лай -көшкін түсу, қар көшкіні түсу және тасқын болу қаупі бар жерлердің картасы жасалды. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, елімізде сел жүру қаупі бар 5650 , қар көшкіні түсу қаупі бар 800, лай -көшкін түсу қаупі бар 106 және тасқын болу қаупі бар 852 жер учаскелері бар.