Оның айтуынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің жаңа үлгісі "Қазмырыш" АҚ-ның негізінде тексеріледі. Мәселен, В.Весниннің айтуынша, бүгін, 20-шілдеде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі мен "Қазмырыш" АҚ өзара келісімге қол қойып, ""Қазмырыш" АҚ -ында өнеркәсіптік тиімді қауіпсіздік жүйесін құру және Қазақстандағы тау-кен-металлургиялық кәсіпорындарына арнап нұсқаулар әзірлеу" атты жобаны жүзеге асыра бастайды.
Жоба "Қазмырыш" АҚ -ында қайғылы оқиғалар мен өндірістік апаттарға жол бермеуге бағытталған тиімді өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін құруға бағытталады. Келісім шеңберінде сонымен бірге жұмыс жүргізудің ескірген технологиялары мен тәжірибесін өзгерту, тиімсіз нормативтік құжаттарды қайтадан қарау көзделген.
Сонымен бірге өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін реформалаудың тиімді моделі жасалып, ол еліміздегі басқа кәсіпорындарда қолданысқа енгізіледі, деді В.Веснин.