«Конкурс жас дарынды композиторлар мен жас орындаушыларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп, қазіргі заманғы музыкантардың, ақындардың қарым- қабілетін ұштап, сүйікті қаламыз туралы жаңа әндерді өмірге әкелулеріне ойдағыдай ықпал етеді», - делінген ақпаратта.
Қала күні қарсаңында елге танымал әншілердің, сондай-ақ өнердің табалдырығын енді ғана аттаған жас орындаушылардың, музыканттар мен әннің мәтінін жазушы ақындардың осы байқауға белсене қатысуы арқасында Алматы туралды жаңа әндер пайда бола бастады.
Конкурс аясында қазақстандық эстада жұлдыздарының концерті өтеді.
Байқаудың ашылуы сағат 18:00-де.