ҚР тұңғыш Президентінің мұражайында «Ұлт жауһарлары» көрмесі ашылады

ҚР тұңғыш Президентінің мұражайындағы көрме 16 мамыр күні сағат 17.00-де  ашылады. Онда  «Әдемі-Ай» өнер мұражайының жинақтарынан ежелгі зергерлік бұйымдар қойылады. Өнер мұражайы 2011 жылы  белгілі коллекционер, өнертанушы Бахаргүл Төлегеннің күш-жігерімен ашылған болатын. Қазіргі таңда жәдігерлер саны 1000-нан астам мұражай экспозицияларынан б.з.д. III - I ғғ. Кушан патшалығының археологиялық артефактілері мен  VI - ХII ғғ. жататын тарихи құнды дүниелерді көруге болады. Көрмеге сонымен қатар, 13 жылдан астам уақыт бойы тарихи-мәдени құндылықтарымыз бен ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып келе жатқан «Әдемі-Ай» компаниясының сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен кәдесыйлары ұсынылған.


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы бұл көрмені көпұлтты Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын насихаттап, көпшілікке жария етуге бағытталған серіктестік жобасы аясында ұйымдастырып отыр.

«Ұлт жауҺарлары» көрмесі  2014 жылдың 20 мамырына дейін жалғасады.