"Алдағы Олимпиада ойындарына дайындық пен бүкілхалықтық спортты дамыту қаржы көлемін жыл өткен сайын арттыра түсуді талап етеді. Бұл мәселенің бір конструктивті шешімі - спорттық ұтыс (лотерея) ойындарын ұйымдастырып өткізу болмақ. Одан түскен қаржының басым бөлігін бүкілхалықтық спортты дамытуға, спорттық нысандарды салуға және ұлттық құраманы дайындауға жұмсауға болар еді", - деді Т. Досмұхамбетов.
"Осыған байланысты дүниежүзіндегі тәжірибеге сәйкес, осындай лотерея өткізуді біздің министрліктің немесе Ұлттық олимпиада комитетінің құзыретіне беруді сұраймын", - деді ол үкімет басшысы Кәрім Мәсімовқа қаратып айтқан сөзінде. Туризм және спорт министрінің айтуынша, ол үшін "аталмыш құзыретті қазір қаржы министрлігі жасап жатқан заң жобасында бекіту қажет".
ҚР Қаржы министрі Наталья Коржованың Kazakhstan Today тілшісіне берген сұхбатына сәйкес, бұл жерде әңгіме "Лотерея туралы" заң жайында болып отыр, ол қазір мемлекеттік мекемелерде келісілуде. "Біз ол заңды парламентке алдағы күзде енгізбекшіміз", - деді Н. Коржова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті