ҚР ТЖ министрі мен Қарағанды облысының әкімі Көкпекті тұрғындарымен кездесті

ТЖМ, ІІД, әкімдіктер мен денсаулық сақтау басқармалары қызметкерлерінен құрылған 14 топ 14 бағыт бойынша тексеру жүргізді.   Аулалар тексеріліп, келтірілген шығын анықталуда. ТЖМ және жергілікті атқару органдарының күшімен жертөлелерден су тартылып, аумақ тазартылуда.

ҚР ТЖ министрі облыс әкімімен аулаларды аралап, тұрғындармен кездесті. Олардың сұрақтарына жауап беріп, қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.

Қауіпсіз жерге шығарылған адамдардың барлығы Көкпекті ауылындағы үйлеріне қайтарылды.

ТЖ жоюға 170 құтқарушы, апаттық медицина бөлімшелері, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс полкі және 26 техника, 4 қайық, сондай-ақ ІІБ 20 адамы мен 4 техникасы, денсаулық сақтау басқармасының 30 қызметкері мен 10 техникасы, жергілікті билік органдарының 10 өкілі мен 3 техникасы тартылды.