ҚР ТЖМ құтқару қызметі хабарлайды

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 5 адам, 1 техника жұмылдырылды.

Оқиға орнынан 53 жастағы әйел адамның денесі табылды.

Қашаған кен орнында алғашқы мұнай өндірісі басталар алдында «Болашақ» зауытында төтенше жағдай орын алды.

Қашаған мұнайы жеткізіліп тұратын «Болашақ» мұнай мен газды дайындау кешенді қондырғысы қазіргі уақытта оның герметикасын тексеру үшін Мақат газ тарату жүйесінің табиғи газымен толтырылған. Зауыттың құрылғылары газдың жоғары қысыммен шығарылып жатқанын көрсеткен. Апаттық дабыл қағылғаннан кейін, зауыттың барлық қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылды.

Зардап шеккендер жоқ. Алайда ТЖ фактісі бойынша тексеру белгіленді.

Еске сала кетсек, осыған дейін хабарланғандай, Қашаған кен орнында алғашқы мұнай өндіру бүгін басталуы керек.

Алматы облысы Талғар ауданында 19 га аумақтағы жер өртке оранды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 28 адам, 2 техника; Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 38 адам, 7 техника; Бесағаш ауылдық округінен ерікті өрт сөндіру жасағынан 25 адам мен 3 техника жұмылдырылды.


Зардап шеккендер жоқ.

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы Байырқұм ауылында Сырдария өзеніне шомылу кезінде 56 жастағы ер адам суға батып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Мәйіт ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД судан құтқару қызметінің күшімен судан шығарылды.

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы Маховка ауылында Кіші Оба өзеніне абайсызда 2 жасар бала батып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.

Баланың денесі судан ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы ТЖД судан құтқару қызметінің күшімен шығарылды.