ҚР ТЖМ "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі" заңға өзгерістер енгізіп, көмір қабаттарын қазба жұмыстарынан бұрын толық газсыздандыру жөнінде талап қоюды ұсынады

"Жаңа заң жобасын жасау немесе "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі" заңға өзгерістер енгізіп, жекелеген капиталистік елдердегі секілді көмір өндіре бастамас бұрын көмір қабаттарын толық газдан арылту туралы талап қою қажет болып отыр", - деді В. Божко.

Бұған қоса министр ТЖМ инспекторларына шахталарда бұдан бұрын берілген ескерту-нұсқаулардың орындалғандығын қайталап тексеру және қауіпті өндірістік нысандарды тұтқиылдан тексере отырып, оның қорытындысын құқықтық статистка органдарында тіркеу құқықтарын беру қажет деп санайды.

"Сонымен бірге инспекторларды портативті бақылау-өлшеу аппаратурасымен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет. Біздің шахтадағы ахуалды бақылаушы инспекторларда шахтада тұрған және көмір департаментіне қарасты датчиктердегі мәліметтерге сілтеме жасамай-ақ, ахуалды өз бетімен тексеретін қандайбір аппаратура жоқ ",- деді министр.

"Тікелей нысандарда объективті ақпараттарды алуға көмектесетін газды анализаторлар, шаң-тозаң анализаторлары секілді өз аппараттарымыз болғаны жөн", - деді В. Божко.