Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Сапар бағдарламасына сәйкес Д.Ахметов Қарашығанақ кеніші орналасқан Бөрілі ауданында, сондай-ақ, Орал қаласында болады.
Оралда үкімет басшысы "Зенит", "Гидроприбор", "Металлист" тәрізді ірі кәсіпорындардың жұмыс барысымен танысады.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, алдағы уақытта үкімет басшысының республикамыздың басқа облыстарына да сапары жоспарланған.