"Бізге азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде заңынын қажеттілігі жөнінде мәселесін қарастыру туралы тапсырмасын беріп отырмын", - деді К. Мәсімов.
"Менің пікірімше, біздерге мұндай заң қажет, егер біз осындай шешімді қабылдайтын болсақ, онда депутаттарды бұл мәселеде біздерді қолдауын сұраймыз ", - деп жалғастырды ол өз сөзін.
"Түрлі бағалардың ауысуынан біздің тұрғындарымыздың зардап шегуіне жол бермейміз ", - деді заң жобасын дайындау қажеттігін айтқан премьер-министр.
"Біз елдің ішкі нарығында бірінші кезекте қажетті өнімдер мен тауарларды өндіріп, оны толық қамтамасыз ету арқылы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін деңгейге жеткізуіміз қажет. Біз тұрғындарға негізгі азық- түлікті өздеріміз шығара алатын жағдайымыздың барына кепілдік беріп, сенімді болуымыз керек", - деп атап өтті үкімет басшысы.
"2007 жылы бидайдың тұрақты қорын құру тәжірибесіне қарап, басқа азық-түлік түрлерінің қорларын құрудық қажеттілігі бар сияқты", - деп қорытындылады К. Мәсімов.