ҚР үкімет басшысы Астананы көріктендіру жұмысын экологиялық заңнама талаптарына сәйкестендіре қарауды ұсынды

Трансшекаралық өзен болып табылатын Есілдің маңызына тоқталған үкімет басшысы барлық мәселелерді экологиялық заңнама талаптарына сәйкестендіре қарауды ұсынды.

Астана әкімшілігінің өкілдері үкімет басшысын қаланың ескі және жаңадан бой көтеріп келе жатқан аудандарында жаңа саябақтар мен гүлбақтарын салу жоспары туралы кең көлемді ақпараттан құлағдар етті. Сол сияқты қала аумағында жасыл аймақтар құру және оларды қаржыландыру мәселелері де сарапқа салынды.