Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық қарым-қатынас мәселелерін егжей-тегжейлі талқылауды одан әрі жалғастырды. Д.Ахметов пен Ч.Юань өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту бағытында екі елдің алдағы уақытта жүзеге асыратын маңызды қадамдарын дәйектеді.
Кездесуде атап көрсетілгеніндей, Қазақстан мен Қытай арасындағы қазіргі үдемелі дамып келе жатқан сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейі екі жақты да қанағаттандырады. Дегенмен, ҚР үкімет басшысының атап көрсеткеніндей, "өзара ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалғандықтан, ендігі жерде ресурстарды шашып алмай тұрғанда нақты жұмысты бастап, күш-жігерді бір жерге шоғырландыру қажет".
Екі ел арасындағы экономикалық ықпалдастық мәселесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың таяу уақыттарға белгіленген Қытай сапары аясында да талқыланатын болады.