"Әзірге ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің құрылымын өзгертуге қажеттілік туындай қойған жоқ",- деп мәлімдеді үкімет басшысы.
"Өз басым, мемлекеттік құрылымдар төрт аяғын тең басып, орнығуы тиіс деген консервативтік көзқарасты қолдаймын",- деді премьер-министр.
Дейтұрғанмен, Д.Ахметов "мұнай өндіру көлемі артып, мұнай өңдеу саласы дамыған кезеңде дербес мұнай және газ министрлігін құру қажеттілігі туындауы ықтималдығын" жоққа шығармайды.