ҚР үкімет басшысы мен ҚХР төрағасы ынтымақтастықтардың келешегін талқылады

Кездесу барысында тараптар сауда-энергетика саласындағы ықпалдастық аясын кеңейту және шекаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Сонымен бірге Д.Ахметов пен Ху Цзиньтао екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларына қатысты пікір алмасты. Бұл саладағы өзара тиімді ынтымақтастық аясы зор қарқынмен өсіп келе жатқаны айтылды. Қазақстан үкімет басшысы мен Қытай төрағасының пікірінше, екі ел арасындағы тауар айналымының деңгейі тұрақты өсе түсу сипатына ие болды. Биыл Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 5 млрд. АҚШ долларынан асады деп күтілуде.
ҚР үкімет басшысы ҚХР төрағасын елімізді индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясын жүзеге асыру барысынан хабардар етіп, Қытайдан озық технологиялар әкелуге мүдделілік танытты.
Өз кезегінде Ху Цзиньтао Қазақстандағы экономикалық реформалар барысын жоғары бағалай отырып, Қытай тарапынан Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қолдау көрсетілетінін атап өтті.