Екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас деңгейіне қанағаттанғандық білдірген үкімет басшысы Қазақстаннның бұл ынтымақтастықты жан-жақты тереңдете дамытуға дайын екенін жеткізді. Жапония Қазақстанның маңызды стратегиялық және экономикалық әріптесі және еліміз Жапония капиталының, әсіресе жеке капиталдың үлесін арттыра түсуге айрықша маңыз береді, деді үкімет басшысы. Ол сонымен бірге "Орталық Азия + Жапония" диалогын одан әрі дамыту екі жақты қарым-қатынастардың оңды өсу қарқынын тіптен бекіте түседі дегенге сенім білдірді.
Өз кезегінде К.Фукушимо да Қазақстанмен арадағы әріптестік байланыстардың маңызына тоқталып, Жапонияның Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту мәселесінде де қолдау көрсетуге әзір.
Сонымен бірге Жапониялық уәкіл халықаралық қарым-қатынасқа қатысы бар бірқатар мәселелерді атап өтті. Ол республика үкімет басшысын БҰҰ-ын реформалауға және бұл ұйымның Қауіпсіздік кеңесіне қатысушылар аясын кеңейтуге қатысты Жапонияның ұстанымынан хабардар етті.