ҚР үкімет басшысы парламент депутаттарымен жүздесіп, ауылшаруашылығын дамыту мәселесін талқылады

Кездесу барысындағы сұхбатқа ауылшаруашылығын дамыту мәселесі басты арқау болды. Д.Ахметовтың пікірінше, бұл салада озық өңдеу технологияларын қолданысқа енгізудің маңызы зор. Осы орайда астық өңдеу саласын мысалға келтірген үкімет басшысы экспортқа тек сапалы астық шығарып қана қоймай, терең өңделген астық өнімдерін шығарудың да маңызын атап өтті.

Аграрлық партияның жетекшісі, мәжіліс депутаты Р.Мәдиновтың айтуына қарағанда, елімізде астыққа байланысты ахуал оң шешімін тапты, бірақ, бұдан былай осындай "аптықпа" ахуалға жол бермеу, нан бағасының шұғыл қымбаттауына түрткі болмау бағытында шаралар ойластырған жөн.
Кездесу барысында тараптар сондай-ақ, Семей өңірі тұрғындарына медициналық жәрдем сапасын жақсарту тәрізді басқа да мәселелерді сарапқа салды.