ҚР үкімет басшысы ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің отырысы аясында өзінің Грузиялық әріптесімен кездеседі

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыс аясында Қазақстан үкімет басшысы 3-маусымда Украина үкімет басшысы Юлия Тимошенкомен және Грузия парламентінің спикері Нино Бурджанадземен кездеседі.

Ал 4-маусымда Д.Ахметов Грузия президенті Михаил Саакашвилимен және Грузия үкімет басшысы Зураб Ногаиделимен келіссөздер жүргізеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің отырысы аясында 7 түрлі мәселе талқыланып, 20 құжаттың жобасына талқылаусыз қол қойылады деп күтілуде.