ҚР үкімет басшысы Венгрияның MOL мұнай компаниясының басшылығымен кездесті

Елшіліктің хабарлауынша, кездесу барысында MOL мұнай компаниясының "ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ-ның жобаларына қатысу мүмкіндігі талқыланды.

Бүгін, 15-ақпанда Венгрияға жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Үкімет басшысы Даниал Ахметов Будапешт қаласында Халықаралық еңбек ұйымының ХІІ аймақтық конференциясының ашылуына қатысып, аталмыш халықаралық ұйымның басшысы Хуан Сомавиямен кездеседі. Сондай-ақ, Д.Ахметов Венгрия үкімет басшысы Ференц Дюрчанмен жүздеседі.
15-ақпан күні кешке Д.Ахметов елге оралады.
Венгрияға жұмыс сапарына үкімет басшысы өзімен бірге Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі елшісі Сағынбек Тұрсынов, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова, ҚР индустрия және сауда министрі Әсет Есекешевті ертіп жүр.