ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасарының пайымдауынша, сырттай оқыту үрдісінен бас тартудан Қазақстан ұтылмайды

Еліміздің жекелеген жоғары оқу орындарында "сырттай оқыту саласы ешқандай білім бермей-ақ, дипломдар басып шығаратын кіші-гірім фабрикаға айналды",- деді вице-премьер. "Адам белгілі мөлшерде ақша төлеп, жоғары білім игергендігі туралы дипломды кепілді түрде алатын үрдіс қалыптасты",- деді ол. Г.Марченконың айтуынша, "осындай диплом алған адам өзінің пендешілікке, кеудемсоқтыққа негізделген сұраныстарын ғана қанағаттандырғаны болмаса, қоғам мен экономикаға келер-кетер жоқ". Осыған байланысты, вице-премьердің айтуынша, елімізде сырттай білім беру саласының келешегін "талқылау қажеттігі туындап отыр".