ҚР үкімет басшысының орынбасары А.Есімов жұмыс сапарымен Қостанай облысында жүр

Кездесуде егістік науқаны туралы әңгіме өрбіді. Мамандардың болжамы бойынша, облыстағы бидай тұқымын жаппай себу науқаны 1-маусымға дейін аяқталуы тиіс. 28-мамыр күнгі жағдаймен, 2,7 млн. гектар алқапқа тұқым себілді. Бұл жалпы аумақтың 90 проценті.

Дихандардың пікірінше, шаруашылықтардың тұрақты бағалы жанар-жағармаймен толыққанды қамтамасыз етілуі нәтижесінде биылғы егістік науқаны жақсы қарқынмен жүзеге асырылуда. Шаруа қожалықтарының басшылары бұл туралы А.Есімовпен кездесуде хабарлады. Олар осы орайда мемлекет тарапынан мұндай көмек түсім жинау науқаны барысында да көрсетілсе деген өтініштерін жеткізді.
Ал үкімет басшысының орынбасары жанар-жағармай бағасы күзде тұрақты арзан болады деп уәде бере алмайды деп мәлімдеді. "Мұнайшылардың айтуына қарағанда, үкіметтің көктемгі бағаға әсер етуге бағытталған осындай қадамы 60 млн. доллардың шығынына батырған",- деді ол.
Дейтұрғанмен , оның айтуынша, түсім жинау науқаны барысында жанар-жағармай бағасын арзандатуға бағытталған жұмыстар бәрібір жүргізіліп жатыр.
Үкімет басшысының орынбасары жалпы алғанда еліміздің солтүстік облыстарындағы тұқым себу жұмыстарының қарқыны мен сапасына көңілі толғанын жеткізді. "Біз Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 40 шаруа қожылығының егістік алқаптарын аралап шықтық. Қостанай облысындағы сияқты ол жақта да тұқым себу науқанының қарқыны жоғары",- деді ол.