ҚР Үкімет басшысының Павлодар облысына жұмыс сапары «Каустик» АҚ-нан басталды

Ол мебрандық әдіс бойынша каустикалық сода мен хлор шығарылатын негізгі цехта болды. Бұл жобаның құны - 16 млрд. теңге. Мұнда заманауи қондырғы орнатылған, таза экологиялық технологиялар қолданылуда - Қазақстанда бұған ұқсас өндіріс орны жоқ.

Зауыт мерзімінен бұрын жобалық қуаттылығына шығарылды: жылына 24,5 мың тонна хлор, 9,1 мың тонна натрий гипохлориті, 45 мың тонна тұзды қышқыл, 30 мың тонна каустикалық сода.

Жоба елдің химиялық саласының жұмысын тұрақтандырып, отандық нарық меншікті каустикпен 80 пайызға, хлор, тұзды қышқыл мен натрий гипохлориті бойынша 100 пайызға қамтылды. Кәсіпорында 527 адам жұмыс істейді, жалақының орташа мөлшері - 107,6 мың теңге.

Кәсіпорынның құрылысы жалғасуда - екінші кезектің қосылуымен химиялық өнім шығарылымы Павлодарда үш есе өседі.

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын Премьер-Министр Серік Ахметовке арнайы экономикалық аймақты дамыту туралы айтып берді. Оның кәсіпорындарында электрод пен күкірт қышқылын шығару үшін қажетті кокс өндірісі игеріліп жатыр.

Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «Нефтехим» АҚ жаңа цехында болды.


Жылына 20 мың тонна метил трет-бутил эфирін, 30 мың тонна пропилен мен полипропилен өндіретін кәсіпорын қарқынды жұмыс жасауда.

Осы жылдың маусым айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев пропиленнен жасалатын клапанды және стандартты қапшықтарды шығаратын полимер өнімі цехының қосылуына қатысты. Starlinger австриялық компаниясы жеткізген қондырғы жылына 51,5 млн. клапанды және стандартты қапшықтар, 3 млн Leno торлы орама погонды метрлерді шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Серік Ахметов кәсіпорынның жұмысына жоғары баға берді. Инвестиция көлемі 3,3 млрд. теңгені құрап, 174 жаңа жұмыс орны ашылды. Жаңа кәсіпорын өнімінің жартысын ішкі нарықта саудалайтын болады.