"Біз мүмкін, сіздерге (депутаттарға) және мемлекет басшысына өтініш жасайтын шығармыз, біз 12 жылдық білім беру жүйесін енгізу мерзімін 2008- ден 2009 жылға кейінге қалдыруымыз керек", - деді К. Мәсімов.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдың шілде айында ҚР "Білім туралы" жаңа заңына қол қойды. Заң білім беру жүйесінде бәсекелестікті қалыптастыру мақсатында ҚР білім беру жүйесінің халықаралық білім кеңістігімен бірігіп, білім беру саласында қоғамдық қатынастарды заңнамалық реттеуді жетілдіруге бағытталған.
Заң арқылы білім беру саласының дамуына қатысты жаңа концептуалды жолдар енгізілді. 12 жылдық білім беруге көшу, кәсіби білім беру жүйесін қайта құрып, жаңарту, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі мамандарын дайындаудың үш сатылы дайындау түрін құру (бакалавриат - магистратура - докторантура PhD), ұлттық баға беру жүйесін дамыту, педагогикалық қызметкерлердің дәрежесін көтеру.