ҚР үкіметі әлеуметтік нысандарды қымбаттатуға өтініштер қабылдамайды

«Тендерлер, жобалық-сметалық құжаттар, нысанның құны мәселесі көбінесе былай өтеді: бастапқыда нысанның құны басқа, ЖСҚ-ға (жобалық-сметалық құжаттар - ҚазТАГ) сәйкес, кейін құрылыс компаниясы тендерде жеңіске жету үшін арзандатады, яғни ең төмен баға қояды да, жеңеді. Кейін негізді түрде келіп, бұл сомаға неге сала алмайтынын айтып, нысанды қымбаттату керектігін алға тартады. Барлық жерде осылай», - деді ол дүйсенбі күні парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Үкімет басшысының айтуынша, бастапқыда құрылыс жүргізуге тендерде жеңу үшін жобалық-сметалық құжаттар арзандатылады.

«Мен өзім мынадай пікірді ұстанамын: тендерде жеңдің бе, көрсеткен қаржыға сал да, артық ақша сұрама. Сондықтан да ЖСҚ-ға жоғары талап қойылуға тиіс. Мен қазір бәріне нысандарды қымбаттатуға өтініштерді қабылдауға тыйым салдым», - деді К. Мәсімов.