ҚР үкіметі елден мазут экспорттауға уақытша тыйым салды

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, бұл шара ел экономикасының сұранысына арнап тиісті мөлшерде қор жинақтау қажеттігіне сәйкес жасалып отыр.

Аталмыш қаулының орындалуына қадағалау жасау міндеті ҚР үкімет басшысының орынбасары Сауат Мыңбаевқа жүктелді.
Республика аумағынан мазут шығаруға салынған тыйымның мерзімі 2004-жылдың 1-наурызына дейін созылады.