ҚР үкіметі еліміздің барлық облыстарында тұрғын үйлерге техникалық санақ жүргізуге тапсырма берді - ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары

"Бұл жұмыс бір жылда атқарылып бітуі тиіс. Тұруға қолайсыз болғандықтан, апатты жағдайдағы үйлерді құлатып, тұрғындарын басқа үйлерге көшіру қажет. Бұл мақсатқа қажетті қаржы бірінші кезекте облыстық деңгейде бөлінуі дұрыс",- деді Г.Марченко.

Вице-премьердің айтуынша, "республика облыстарында 1996-жылдан бері осындай техникалық инвентаризация жүргізілмегендіктен, дәл қанша үйді құлату қажеттігіне қатысты ақпараттар сан алуан болып тұр".
Бұған қоса, Г.Марченконың айтуынша, санақ барысында басқа да тұрғын үй категориялары анықталады. "Күрделі жөндеуден өтетін тұрғын үйлер категориясы мен жер сілкінісіне төтеп беру қабілетін арттыруды талап ететін үйлер бар екені белгілі",- деді ол.
Мұндай категориялы үйлер Тұрғын үй бағдарламасы аясында жөндеуден өтеді. Ал бағдарламаның өзі , Г.Марченконың айтуынша, үкіметтің таяудағы бір отырысына талқылауға ұсынылмақшы.