ҚР үкіметі есірткі заттарын өндіруде қолданылатын, бақылауда болуы тиіс құрал-жабдықтар тізімін бекітті

Қаулыға сәйкес, ампулаларды толтыруға және оларды дәнекерлеп жабуға, таблеткаларды жаншып-сығуға арналған ( пресстік жабдықтар) құрал-жабдықтар бақылануға тиіс.

Осындай жабдық түрлерінің айналымына бақылау жасау құзыры есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын қадағалаушы мемлекеттік мекемеге жүктелді.
Қаулы 2003-жылдың 15-қыркүйегінен бастап күшіне енді.