ҚР үкіметі мен КТК акционерлері консорциумның баға саясатын талқылауда - ҚР үкімет басшысы

ҚР үкімет басшысының айтуынша, "екі жақтың КТК-ға қатысты ұстанымы толық сәйкеседі". Ал ҚР үкімет басшысымен жүргізілген келіссөздер қорытындысы туралы түсініктеме берген РФ үкімет басшысының хабарлауынша, кеңейтілген құрамдағы кездесулер барысында "ұзақ мерзімді мұнай балансы мен Қазақстан мұнайын 2020 жылға дейін РФ аумағы арқылы транзитті тасымалдау бағдарламасын жасау және КТК жобасының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды".

"Ұзақ мерзімді мұнай балансын жасау жұмыстары іс жүзінде аяқталып келеді. Мұнайды транзитті тасымалдау туралы келісімге қосымша ұзақ мерзімді хаттамаға қол қоюға дайындық жұмыстарының өзектілігі зор. Сол себепті Қазақстан мен Ресейдің мүдделерін ескере отырып, мұнайды ел ішінде пайдалану және үшінші елдерге шығару үшін біз бұл жұмыстарды таяу уақыттарда дәйектеуге келістік",- деді М.Фрадков.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий құбыр жүйесінің өткізгіштік қуаты 2008-жылға дейін 67 млн. тоннаға жеткізілуі тиіс. Жаңа өндірістік мүмкіндіктер үш кезеңмен пайдалануға беріледі. Қазіргі бар мұнай айдау станцияларында 2006-жылдың алғашқы жартысында қосымша насостар орнату нәтижесінде құбырдың өткізгіштік қабілетін 10 млн. тоннаға артады. 2007-жылдың аяғында қосымша 10 мұнай айдау станциясының алғашқы бесеуі салынып, қосымша тағы да 10 млн. тонна мұнай тасымалдау мүмкіндігі қолға келмек. Жүйені толық жобалық қуатына дейін кеңейту осыдан бір жылдан кейін аяқталады.
КТК-ның негізін қалаушы үкіметтердің үлес салмағы мынадай : Россия - 24%, Қазақстан - 19%, Оман Сұлтандығы - 7%.
Консорциумға қатысушы жеке меншік мұнай компанияларының үлесіне келсек : Шеврон Каспиан Пайплайн Консорциум Компани - 15%, ЛУКАРКО Б.В. -12,5%, Роснефть-Шелл Каспиан Венчерз Лтд. - 7,5%, Мобил Каспиан Пайплайн Компани - 7,5%, Аджип Интернешнл Н.В. - 2%, БГ Оверсиз Холдинг Лтд. - 2%, Қазақcтан Пайплайн Венчерз ЛЛС - 1,75% и Орикс Каспиан Пайплайн ЛЛС - 1,75%.