ҚР үкіметі "Оңтүстік" еркін экономикалық аймағына 2 млрд теңге шамасында қаржы бөлу жөнінде шешім шығарды

"Вице -министр Өмірзақ Шүкеевтың төрағалығымен үкіметте жиналыс өткізілді. Онда үкімет қорынан 1 млрд 992 млн теңге бөлу жөнінде тапсырма берілді. Қаулы премьер-министрдің қол қойылуына жолданды", - деп хабарлады Н. Сарыбаев.

"Оңтүстік" ЕЭА директорының орынбасары Нұрмахан Сарыбаев айтқанындай, "бөлінген қаржы бізге қажетті мөлшердің тек жартысы, бірақ теориялық жағынан бұл арқылы салынып жатқан екі құрылыс нысанға коммуникацияларды тартып, магистральдік желілердің құрылысын аяқтай аламыз". " Ең бастысы, қаржы уақыты созылмай берілсе болғаны", - деп хабарлады ол

Н. Сарыбаев айтқанындай, ақша алынғаннан кейін коммуникацияны тарту жұмыстарын аяқтау үшін мердігерлерге алты ай уақыт керек. " Сонымен қатар ауа райы жағдайын да ескеру керек. Егер күз жаңбырлы болатын болса, онда жұмыстар тоқтатылуы мүмкін. Сондықтан қазіргі уақытта қаржы өте қажет".

Бұдан бұрын хабарлағанындай, "Оңтүстік" ЕЭА аумағында Oxi textil және "Хлопкопром целлюлоза" екі тоқыма фабрикасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Алайда, қаржы тапшылығынан магистральді және алаңаралық желілер салынбай отыр. Сондықтан кәсіпорынның құрылысы мен онда құрал -жабдықтарды орнату жұмыстарының жасалмау қаупі бар, өйткені нысандар су және электр қуатымен қамтамасыз етілмеген.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, "Оңтүстік" ЕЭА мақта-тоқыма кластерін құру мақсатында 2005 жылы құрылды. ЕЭА аймағында он шақты жіп иіру және тоқыма кәсіпорны орналасады деп болжамданған. Бұрын айтылғанындай, бірінші кәсіпорындар 2007 жылы ашылады деп хабарланған, алайда жоспар орындалмады.