ҚР үкіметі парламентте келісім-шарттары ратификацияланбаған жер қойнауын пайдаланушыларға кедендік баж салығын төлеуді міндеттеуді жоспарлап отыр

"Егер жаңа Салық кодексі қолдау тапса, Қазақстанда жер қойнауын пайдаланатын кез-келген компанияның келісім-шарттары парламентте ратификацияланбаса, ондай компаниялар 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалы қазба байлықтарын шығарғаны үшін салықтар мен экспорттық кедендік баж салығын төлейтін болады", -деп мәлімдеді К. Мәсімов.

"Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу бұған дейін қол қойылып бекітілген келісім-шарттардан бұрын, бірінші кезекте жаңа Салық кодексінде қарастырылған баптармен реттелетін болады", -деді К. Мәсімов.

Ол түсіндіргеніндей, "парламент жаңа Салық кодексін қолдаса, келесі жылы үкімет бұл мәселені қайта қарап, экспорттық баж салығын төлейтін қатысушылардың тізімін кеңейтеді".

"Бүгінгі күні пайдаланылып отырған заңға енгізілген кедендік баж салығы компаниялардың 30 пайызына қолданылып отыр, өйткені кедендік баж салығы үкімет қаулысымен енгізілді. Сондықтан жылдың аяғына дейін мұндай ереже сақталатын болады", - деп түсіндірді К. Мәсімов.

"Егер сіздер жаңа Салық кодексіне қолдау көрсететін болсаңыздар, онда 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жағдай түбегейлі өзгеретін болады", - деді премьер-министр.