Үкімет басшысының түсіндіруінше, Алматы және Астана қалаларында орналасқан шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруге "Қазына" қоры арқылы 50 млрд теңге бөлінеді. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктер 12,5 пайыздық мөлшерлемемен тағы 50 млрд теңге бөледі. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 2 млрд теңге, тағы әр облысқа республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінбек.
"Осылайша, қосымша 56 млрд теңге өңірлердегі шағын және орта бизнесті несиелендіруге бағытталады", - деп түсіндірді К. Мәсімов.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға да арнайы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруге 4 млрд теңге бөлу жоспарланған.