ҚР үкіметі тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті және апталық қажеттіліктегі тауарлардың (жұмыс, қызмет) тізімін бекітті

Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 21-шілдесіндегі "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңының 13 бабының 3 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының үкіметі тапсырыс берушілер қызметті үздіксіз жүргізу мақсатында сатып алатын күнделікті және апталық қажеттіліктегі тауарлардың (жұмыс, қызмет) тізімін бекіту туралы қаулы шығарды.

"Аталмыш қаулы 2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді, сондай-ақ, ресми жарияланады", - деп көрсетілген Қазақстан Республикасының премьер-министрі қол қойған қаулы мәтінінде.

Күнделікті немесе апталық қажеттіліктегі тауарлар (жұмыс, қызмет) тізімімен ресми бұқаралық ақпарат құралдарынан танысуға болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті