"Зейнет демалысына шығатын жасты қысқарту бойынша үкіметте еш жоспар жоқ. Себебі, бұл зейнетақы жинақтау жүйесімен еш қабыспайды", - деді Б. Жәмішев.
"Зейнеткерлік жасын азайту адамдардың зейнетақы жинақтау қорында зейнетақы жинақтауы үшін мүмкіндік азаяды дегенді білдіреді... Мен бұл жерде зейнеткерлікке шығатын кезіндегі әл-ауқаты зейнетақы қорына қалай қатысқанына және онда қандай қаржы жинақтағанына тәуелді болатын адамдар үшін айтып тұрмын", - деп түсіндірді министр.
"Егер зейнеткерлікке ерте шығуға мүмкіндік беретіндей қаржы жеткілікті жинақталатын болса, ол адамдар өздері-ақ зейнеткерлікке ерте шығады. Ал жалпы алғанда, бұл жас мөлшері бұрынғысымен қалады. Ер адамдарға 63, ал әйелдерге 58 жас", - деп сөзін аяқтады қаржы министрі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті