Қаулыға сәйкес, тиісті белгі қойылған жерлерде ғана, сондай-ақ, "үлкен жылдамдықпен жүруге жол жағдайы мүмкіндік берсе" ғана жылдамдықты сағатына 110 және 120 шақырымға дейін үдетуге рұқсат беріледі.
ҚР ІІМ-нің жол полициясы департаментінің бастығы Өмірзақ Түсімовтың бұған дейін де хабарлағанындай, "еліміздегі күрделі жөндеуден өткен жолдар сапасы жол қауіпсіздігі мен жүргізушілер денсаулығына нұқсан келтірмей-ақ, тәртіпке осындай өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді". "Теп-тегіс жөнделген мидай жазық жолдарда аз жылдамдықпен мимырттап жүру тіпті қисынға келмейді дегенді әркім түсініп отыр",- деді Ө.Түсімов.
Бұған дейін еліміз жолдарындағы шектеулі ең жоғары жылдамдық сағатына 90 шақырымға тең болатын. Үкімет қаулысы бүгіннен бастап күшіне енеді.