ҚР үкіметінде аудан әкімдерін сайлау бойынша тәжірибе өткізу мәселесі қаралуда - ҚР президентінің әкімшілігі төрағасының орынбасары

Б.Мұхамеджановтың айтуынша, ауылдық елді мекендердің әкімдерін сайлауға бағытталған тәжірибенің тиімділігі дәлелденді. Алайда аталмыш жоба әр деңгейдегі әкімшіліктердің құзырет аясын белгілеуді, бюджетаралық қарым-қатынастарға өзгерістер енгізуді талап етеді. Ал аудан әкімдерін сайлау тәжірибесі 2004-жылы өткізілуі мүмкін.

ҚР азаматтық партиясының төрағасы мен қоғамды демократияландыру жөніндегі тұрақты кеңестің жұмыс тобының мүшесі Азат Перуашев кеңес отырысында мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы құзырет аясын шектеу және бюджетаралық қарым-қатынастарды жетілдіру мәселесі бойынша жұмыс тобы дайындаған нұсқаулар топтамасын таныстырды.
Атап айтсақ, жұмыс тобы мемлекеттік басқарудың төрт деңгейін, атап айтсақ, ұлттық, аймақтық, жергілікті және аудандық деңгейлерді заңдық тұрғыда рәсімдеуді ұсынып отыр. Билік деңгейлері арасындағы функционалдық міндеттерді нақты бөлісіп, функциялардың бір бөлігін бәсекелі ортаға немесе бейресми ұйымдарға беру қажеттігі де атап көрсетілуде. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару органын жоғарғы билік орандары құру және төменгі деңгейдегі бюджеттен жоғарғы деңгейдегі бюджетке қаржы аударып алу үрдістеріне тыйым салу туралы да ұсыныс енгізілді. Мәслихаттардың бюджет қаржысына бақылау қою құзыретін арттырып, аймақтық мәслихаттарды тұрақты жұмыс ітеу тәртібіне көшіру, мәслихат төрағасының институтын қалыптастыру қажет.