ҚР үкіметінің жанынан үлестік құрылыс проблемаларын шешу жөніндегі арнайы комиссия құрылады

К. Мәсімов мемлекет басшысының тапсырмасымен үкімет туындаған проблемаларды қосымша қаржыландыру бойынша бұрын-соңды болмаған шараларға барғанын еске салды. Сонымен бірге, ол оның уақытша көмек екенін ескертті. Осыған байланысты, К. Мәсімовтың айтуынша, аталмыш қаржыландыруды қайтару үшін шығатын жол іздестірілу қажет.