Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес мыналар:
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Әсет Өрентайұлы Исекешев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Берік Мәжитұлы Имашев - Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Салидат Зекенқызы Қайырбекова - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Тамара Босымбекқызы Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі;
Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров - Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі;
Арыстанбек Мұхамедиұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі;
Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі;
Болат Бидахметұлы Жәмішев - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі;
Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Владимир Карпович Божко - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Ерболат Асқарбекұлы Досаев - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі;
Жанар Сейдахметқызы Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі;
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев - Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев