ҚР Ұлттық академиялық кітапханада С. Мұқановтың туғанына 110 жыл толуына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті

Кештің нысаналы аудиториясы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері, кітапхана оқырмандары болды. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ның баспасөз және баспас ісі кафедрасының меңгерушісі Сақ Қайрат және Ұлттық академиялық кітапхананың маманы Сымбат Мұхамедиярова С.Мұқановтың мол әдеби мұралары туралы және оның журналистік-публицистикалық қызметі жайлы әңгімелеп берді.

Сондай-ақ кеш қатысушылары жазушының өмірлік және шығармашылық жолынан сыр шертетін кітап көрмесі мен слайдтарды тамашалады.

2010 жылдың 22 сәуірінде С.Мұқановтың туғанына (1900-1973 жылдар) 110 жыл толды. 2000 жылы қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясы академигінің туғанына 100 жыл толу датасы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілді.

С.Мұқанов еңбектері - халық қазынасы, ел мақтаны. Оның еңбектерінің өзіндік бірнеше ерекшелігі бар. Сәбит - ақын, жазушы, драматург, әдебиет тексерушісі және қазақ совет әдебиетін ұйымдастырушылардың бірі. Оның шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылған.