ҚР Ұлттық банкі айналымға Olympic games 2008 монеталарын шығарды

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 500 теңгелік номиналдағы монета 999 сынамадағы алтыннан жасалған. Салмағы - 7,78 грамм, диаметрі - 25 мм. Жасалу сапасы - proof.

Монетаның алдыңғы жағының астыңғы тұсында Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген. Ол стадионның көркемделген бейнесімен астасқан. Жоғарғы жағында Ұлттық банктің логотипі. Оны қоршай ағылшынша "REPUBLIС OF KAZAKHSTAN" жазуы жазылған.

Монетаның қарсы жағының жоғарғы тұсында биіктіктен секіру жарысы сәтіндегі спортшы бейнеленген. Ал төменгі жағында Олимпиада ойындары өтетін жыл - 2008 жазылып, оны қоршай ағылшын тілінде "OLYMPIC GAMES" жазылған.

Монета айналымға 2008 жылдың 7 наурызында енгізілген.