Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен таратқан хабарламада айтылған.
Теңге бағамы содан бір күн бұрынғы Алматы уақытымен 11 сағат шамасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасының таңертеңгі сессиясы тағайындаған орташа биржалық бағамға сәйкес белгіленеді.
Ал Қазақстан қор биржасында сатылмайтын шетелдік валюталарға келсек, мұндай валюталар үшін содан бір күн бұрынғы Алматы уақытымен 15 сағат шамасындағы "REUTERS" агенттігі арналарымен алынған сұраныс котировкасына сәйкес аталмыш валюталардың АҚШ долларына шаққандағы кросс-бағамы негізінде есептелген бағам ресми бағам болып саналады.