ҚР Ұлттық банкі ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін өзгертті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, екінші деңгейдегі банктердің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу мақсатында Ұлттық банктің басқармасы резервтік талаптардың нормативтерін өзгерткен. Атап айтқанда, қазіргі ішкі міндеттемелер бойынша 6% және басқа да міндеттемелер бойынша 8% көлеміндегі нормативтердің орынына ішкі міндеттемелер бойынша 5% және басқа да міндеттемелер бойынша 7% көлеміндегі жаңа норматив енгізіледі.