ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ставкасын тоқсан сайын қарап отырмақ ниетте

"Дамыған елдердің орталық банктерінің тәжірибесі осындай тәсілдің тиімділігін көрсетіп отыр. Ұлттық банк ақша рыногындағы жалпы ахуалға, несиелерге деген сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейі мен инфляциялық болжамға байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасын арагідік қайтадан қарау арқылы қаржы рыногына қаржы саласындағы күтілген ағымдарға сәйкес бағыт-бағдар беріп отырады",- дейді Ұлттық банкөз түсініктемесінде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың 1-ақпанынан бастап ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ставкасын 0,5 процентке өсіріп, 7,5 процентке дейін көтерді.