Бұл іс-шара барысында ҚР ҰБ бұқаралық ақпарат құралдарымен, халықпен, бизнес-қоғамдастықпен, қаржы нарығының сарапшыларымен белсенді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жаңа ақпараттық саясатты жүзеге асыру аясында бірқатар бастамалардың қолға алынғандығы жарияланды.
ҚР ҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев өз сөзінде Ұлттық банктің ашық қарым-қатынас жасауға дайын екендігін және барынша ақпараттық айқындылыққа ұмтылатындығын баса атап көрсетті. Ол өңірлік БАҚ-пен жұмысты, халықтың, атап айтқанда өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылығын арттыруға байланысты іс-шаралар мен жобаларды қоса алғанда, бұл бағытта қазір тағы қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтып берді.
«Журналистермен кездесудегі басты мақсаттардың бірі - жұмыс сипатындағы өзекті мәселелерді шешу, ҚР Ұлттық Банкі және тұтастай алғанда елдің қаржы нарығы айналасында қалыптасқан ақпараттық аяны талқылау және бұқаралық ақпарат құралдарымен арадағы ынтымақтастықтың болашағын айқындау болды», - деді А. Терентьев.
Кездесу барысында қаржы реттеушісінің өкілдері 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында сыртқы коммуникациялар саласында жүргізілген ақпараттық-түсіндірме жұмысының нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар, жұртшылықпен тұрақты негізде белсенді әрі екі жақты байланыстар арқылы қазақстандықтардың қаржы реттеушісіне деген сенімін нығайтуға, Ұлттық Банктің дағдарысқа қарсы шаралары туралы жан-жақты хабардар болуын және түсінуін қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлармен бөлісті.
А. Терентьевтің айтуынша, таяу арада Ұлттық банктің Facebook және Twitter секілді әлеуметтік желілерді өзінің жеке парақшасы ашылады.
«ҚР ҰБ-ның ресми Интернет-ресурсын толықтыру жұмысы жандануда, қаржылық сауаттылық бойынша арнайы веб-ресурсты fingramota.kz құру, медиа саласының қызметкерлері үшін тақырыптық семинарлар өткізу, қаржы нарығы сарапшыларының пулын құру және басқа да шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», - деді А. Терентьев.