ҚР «Ұлттық банкінің» төрағасы Қайрат Келімбетов БЖЗҚ активінің инвестициялық саясаты жайлы айтып берді

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері әдеттегідей мемлекеттік құнды қағаздар мен квазимемлекеттік сектордағы ұйымдардың құнды қағаздарын сатып алуға бағытталады. Сондай-ақ, кей бөлігі екінші деңгейлі банктерде 5-10 жылдық мерзімге депозит ашылып, соған салынады. Қордың табыстылығын әртараптандыруға септесетін өзге де құралдар пайдаланылады», - деді ҚР «Ұлттық банкінің» төрағасы Қайрат Келімбетов.


Бас банкирдің айтуынша, жақында Ұлттық банк БЖЗҚ активтерін инвестициялау туралы концепция әзірлеуді аяқтап, кеңейтілген отырыста таныстыратын болады.