ҚР Ұлттық кітапханасында О.Сүлейменовтың 7 томдық тұңғыш шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

Шығармалар жинағын "Атамұра" баспасы 2000 таралыммен шығарып отыр. Осынау шығармалар жинағына автордың ең негізгі шығармалары ғана қамтылған.

Ұлттық кітапханадан хабарлағанындай, тұсаукесерге орай "Ақын, ойшыл, ғалым, саясаткер" деген тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеден ақынның шығармашылық, ғылыми және қоғамдық іс-қызметі туралы толыққанды мағлұмат алуға болады.