ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығында ауыс-түйістер болды



Мемлекет басшысының өкімдерімен Ещанов Алмаз Шүкірұлы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі болып тағайындалды; Шаяхметов Әділ Шаяхметұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды; Божко Владимир Карпович Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды және ол ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.