"Бізде мемлекеттік құпиялар бөлімі ашылатын шығар... бұл шаралар ҰБТ тапсырмалардың коды бар жауабын пайдаланып, оны қолданудың ақпараттық қауіпсіздігін сақтау үшін керек", - деді И. Сағындықов.
Осы тұрғыда ол айтқанындай, "Қазақстанда тестілік тапсырмалар, коды бар тапсырмалардың және коды белгіленген дұрыс жауаптары мемлекеттік құпиялар реестірінің тізіміне кіргізілді ".
"Қазір біздер білікті органдардың комиссиясымен бірлесіп, ҰБТ жүйесінің кемшін тұстары мен артықшылығын анықтап,тексерулер жүргізудеміз. Жуырда аталған комиссия өзінің жұмысын аяқтап, тестілердің қатаң құпия түрінде жасалуын және оның құпиялығының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолға алатын болады", - деді ұлттық орталығының директоры.
Ол атап өткеніндей, "Биыл дайындалатын ҰБТ тапсырмалары Қазақстандағы құпиялы құжаттардың шығарылуына қатысты қойылатын талаптар толық орындалатын болады". "Биылғы жылы ҰБТ жауаптарын сатып алу мүмкіндігі болмайды деп ойлаймын", - деп жауап берді И. Сағындықов.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі, биылғы жылдың 5 маусымында, ҰБТ тестілік тапсырмалары мемлекеттік құпиялар санатына кіргізілді деген ақпарат таратқан.
"Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізу туралы Қазақстан үкіметінің қаулысына сәйкес, ҰБТ өткізу үшін, ҰҚК-іне емтихандық материалдарды жеткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті жүктелді", - деді ҰҚК баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, "ҰБТ тестілік тапсырмалары мемлекеттік құпиялар тобына және жасырын ақпаратқа жатқызылып, ҚР ҰҚК ведомстволық тізіміне енгізілді. Сондықтан, оларды таратқан немесе пайдаланған тұлғалар қылмыстық немесе әкімшіліктің жауапқа тартылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті