"Қазір біз Германияға Кадмий 109 және Кобальт 57 өнеркәсіптік изотоптарын сатамыз. Бұл жаңа ғана басталғанымен, қалыпты коммерциялық сатылым", -деді П. Чакров. Оның айтуынша, "бұған дейін бірнеше сауда-саттық жүзеге асырылған және Германия жағы бұл ауқымды кеңейте түсуге қызығушылық білдіруде".
Сонымен бірге П. Чакров Ядролық физика институтының АҚШ-қа үш жылдан бері Германий 68 изотопын сатып отырғанын еске салды. "Біз Германий 68 изотопын Лос-Аламос зертханасына тексеруге жіберіп, сосын жобаға қатысушы коммерциялық фирмаға беріп отырмыз", - деді ол.
"Қазіргі жағдаймен біз жұмыстардың өзімізге қатысты бөлігін бітірдік. Ал олар біздің өнімімізді өңдеуге арналған өндірісін дайындап жатыр", - деді П. Чакров. "Ынтымақтастығымыз сөзсіз одан әрі жалғасады, қазір АҚШ-та тек жобаға дайындық сатысы созылыңқырап тұр",- деді ғалым. "Біз осы уақытта АҚШ-тан тағы да тапсырыс берушілерді таптық, олар да Германий 68-ге қызығушылық танытуда, тереңірек өңделген өнімді алудан мүдделі", - деді директордың орынбасары.
Ал радиофармпрепараттарға келсек, П. Чакровтың пікірінше, "өнеркәсіптік изотоптармен салыстырғанда, фармөнімдермен халықаралық нарыққа шығу күрделірек болады, сол себепті олар ішкі нарыққа шығарылмақ". Ол қазір Астанада ядролық медицина бөлімшесі салынып жатқанын және Алматыда Ядролық медицина орталығын ашу жоспарлғанғанын еске сала кетті.